Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табысы аз отбасыларға дәрі қобдишасы беріледі

23.02.2021, 11:20 1327

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында ағымдағы жылдың маусымына дейін 145 мың медициналық дәрі қобдишасы табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін таратылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық дәрі қобдишаларын сатып алуға қаражат Азия даму банкінің гранты есебінен бөлінеді. Дәрі қобдишаларын БҰҰДБ арқылы сатып алу болжанып отыр. Жиынтықтардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометр, маска, дезинфекциялық құралдар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Дәрі қобдишаларын алушыларға жеткізуді қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады. Бұл шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың экономикалық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, ағымдағы жылдың маусымына дейін Қазақстандағы табысы аз отбасыларға 145 мың медициналық дәрі қобдишасы жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 шілдесінде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы табысы аз отбасыларды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәрі-дәрмектермен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: