Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сөзі майда, жүрегі жұмсақ жандар

01.10.2020, 10:00 665

Тамылжыған тамыз айының соңғы күндері денсаулығым сыр беріп, Қазалы аудандық ауруханасының кардиология бөліміне жедел жәрдемнің көмегімен түстім. Ем-шараларын жасап, толық зерттеуден соң облыстық көпбейінді ауруханадан көмекке келген эндовоскулярлық бөлімінің меңгеруш­ісі, хирург Нұрлан Тоқтағанұлы бұл жерде­ толыққанды көмек бере алмайтынын, сондық­тан облыстық көпбейінді ауруханаға барып, емделу жөнінде кеңес берді. Жолдама қағаздарын алып, облыстық аурухананың №1 кардиология бөліміне жатып, ем-домын ала бастадым.

Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасыс­ын» деген керемет сөз бар. Мен де көзбен көріп, көңілге түйіп, шынайы қызметіне лайық жандар­ға облыс көлемінде кең тараған, халықтың мұңын мұңдайтын, жақсылыққа қол ұшын созатын, оқырмандар сүйсініп оқитын «Халық» газеті арқылы­ бүгінгі таңда халыққа өз білімін сарп етіп, қолынан келгенше адам жанының арашашысы болып­ жүрген дәрігерлер мен аяжандарға ризашылығымды  білдіргім келді. Ақ халатты  абзал жанға­ лайық  міндетін  абыроймен  алып жүру, кәсіби қызметіне адал болу үлкен адамгершілікті, қара­пайымдылық пен табандылықты талап етеді. Осы ретте облыстық көпбейінді аурухананың кардио­логия бөліміндегі білікті емдеуші дәрігер Айкүміс Маншарипова және аяжан Набат Исабекованың еңбектерін айтпай кету мүмкін емес. Айкүміс деген атына лайық палата ішіне науқастарды көруге келгенде, күмістей күлімдеген жүзі­нен шуақ шаша «қалайсыздар?» деген майда сөзі жаныңа шипа бергенд­ей. Менің байқауымша, қыз балаға жарасымды биязылық тұла бойында тұнып тұр ма дейсің.

Аурудың беті қайтып, сауыққаннан кейін Айкүміс Мәдібекқызының өмірдерегі, жұмысы жайлы етене білгім келіп, уақытын бөліп әңгімелескенімде, бала кезден-ақ мұқтаж жанға көмектесуді жаны сүйетін, «болашақта дәрігер болып, адам жанының арашашысы атансам» деген арманы­ болғанын айтты. «Әрине, адам болған соң армандай білу керек, алдына мақсат қоя білген жөн» дейді Айкүміс Мәдібекққызы. Ол 1988 жылы  28 ақпанда Жалағаш ауданында өмірге келген. №123 мектепті ойдағыдай бітірген Айкүміс бала кезгі арманын орындау үшін Ақтөбе қаласындағы Н.Оспанов атындағы медициналық универ­ситетінің  емдеу  жөніндегі  факультетіне  түсіп, 2012 жылы бітіріп шығады. Осы жылдан 2015 жыл­ға дейін осы университетте резидентурадан балалар­ арасындағы жүрек ауруы туралы білімін көтереді. Ақтөбе облыстық ауруханасында дәрігер терапевт болады. 2015 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облыстық көпбейінді аурухананың №1 кариология бөлімінде кардиолог дәрігер қызметін атқарады. 2016-2017 жылдар аралығында кардиология орталығын­дағы базада, яғни Э.Фольфсон аффилиров­андық Саклеровский медициналық мектебі,  Тель-Авив университетінде  тәжірибеден өтеді.

– Кез келген нәрсе тәжірибемен келеді ғой. Теори­ялық білімің қаншалықты мол болса да, өмірде бетпе-бет келмейінше еш нәрсені терең меңгере  алмайсың. Мен де бөлім меңгерушісі Гүл­сім Балтабайқызынан көп тәжірибе алып, күнде түрлі науқастармен кездесу арқылы өзімнің білім-білігімді шыңдап келемін. Кардиология бөлімінде 5 жылдай жұмыс істеп жүріп, мен көптеген жақсы­лықты, бақытты сәттерді көрдім. Бүгінгі таңда пандемияның қорқынышты жағдайын көзбен көріп жүрміз. Өкініштісі сол, бұл коронавирус жас, кәрі демей зардабын тигізді. Індетті жеңуге мүмкіндік бар. Ол үшін бір ғана дәрігердің еңбегі жеткіліксіз, тұтас халықтың бірігуі маңызды. Каронавируспен күрес – әр адамның міндеті. Сонда ғана қатерлі дертті жеңе аламыз, – дейді дәрігер.

«Ал мейірбикелер туралы не айтасыз?» дегенімде­, «Біз науқасқа диагноз қойып, ем тағайындағанна­н кейін науқастың көңіл күйін бақылап­ дәрі егіп, күтім жасап, шақырса, бірінші жететін маман – ол мейірбике. Ондай мейір­бикелер бізде көп. Бәрі маман­данған. Мейір­бикелерді бөліп-жармаймын. Соның ішінде науқастарда­н көп алғыс алатыны – Набат Исабекова» деді. Шынынд­а да менің ойымнан шықты. Набаттың науқастармен қарым-қатына­сы туралы палата­дағылар «осы қызымның қолы жұмсақ, ине сал­ғаны білінбейді» деп риза­шыл­ықтарын білдіреді.

– Әрбір науқас алғыс айтқанда толқып кетемін. Үлкен кісілердің бата бергенінің өзі маған жеткі­лікті. Жүректен жарып шыққан ізгі ниет еш нәрсемен өлшенбейді, – дейді Набат мейірбике.

Біз №1 кардиология бөлімінің 8-палатадағы емделу­шілер жүрегі жұмсақ, қолы жеңіл абзал жандарғ­а келешектерің келісті, еңбектерің жемісті болсын деген тілек білдірдік.

Сердалы  ШАЛБАЕВ,

Жаңақұрылыс  ауылдық

 Ардагерлер  кеңесінің  төрағасы

Арал  ауданы

Суретте:

1. Дәрігер Айкүміс Мәдібекқызының науқас­тарды тексеру сәті.

2. Мейірбике Набат Исабекованың науқас­тарға система қойып, дәрі егу көрінісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: