Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылша ауруы: 83%-ы – вакцинация алмаған балалар

19.12.2023, 11:20 158

Бүгінгі таңда елімізде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз қалыптасып отыр. Нақты айтқанда, Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі, оның 83%-ы – вакцинация алмаған балалар.

2023 жыл басынан бері Қызылорда облысында зертханалық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 1129 жағдайы тіркелді. 947 жағдай-14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Ересек тұрғындар арасынан 135 науқас тіркелді. Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмағандар.
Қызылша ауруы жоғары контагиозды ауа-тамшылары арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Иммунитеті төмен, қызылшаға қарсы егілмеген немесе екпенің толық курсын алмаған азаматтар ауруға сезімтал болып келеді. Сондықтан аурудың тиімді әрі сенімді алдын алу жолы–вакцинация. Қызылшаға қарсы егулер баланың 12-15 айлығында салынады және ревакцинация 6 жасында жүргізіледі. Егуден кейінгі иммунитет күші 2-3 аптадан соң пайда болып, 20 жылға дейін сақталады.

Осыған байланысты тұрғындар назарына келесі сақтық шараларын ұсынады:

– қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру;

– вакцинация алмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханалардан қызылшаға қарсы екпе алу;

– медициналық шегіністерге байланысты бала екпе алмаған болса, олардың адамдар көп жиналатын жерлерде болуын шектеу (мәдени-көпшілік іс-шаралар, сауда, ойын-сауық орталықтары және т.б.);

– қызылшаға күдікті аурудың белгілері – дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, денеде бөртпелер пайда болса шұғыл дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

С.Айтбаев,

Қызылорда бөлімшелік көліктегі

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: