Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылған

17.03.2025, 9:20 67

Қызылордадағы ауруханалардың бірінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жоғарғы қабатта қабылдап келген.

Қалалық теміржол ауруханасындағы келеңсіздіктерді қала тұрғыны құзырлы орынға шағымында жайып салды. Біріншіден, лифт стандартқа сәйкес келмейді. Қала берді, ол екінші қабатқа тоқтамайды. Үшіншіден, жеке қабылдау жоғарғы қабатта өтеді, ал оған мініп-түсу кембағал жандар үшін қиын.

«Ауруханаға ұйғарым берілді, сондай-ақ талапты бұзғаны үшін 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірінші қабатта арнайы жабдықталған бөлмеде қабылдау мәселесі шешілді», – деді адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байқожаев. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: