Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жедел жәрдем шақыру 2 есеге азайған

21.07.2020, 15:55 454 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кездері, яғни, маусым айында және шілде айының бірінші 10 күндігінде тәулігіне 2500-ден астам шақырту келіп, жүктеме 2 есеге артқан болатын.

Жедел жәрдем қызметінің артуына байланысты облыстағы барлық емханалар жанынан барлығы 161 мобильді топ құрылып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңдағы мобильді топтың жедел халыққа қызмет етуі әсерінен және ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны да азайды. Жедел жәрдемді жалпы шақырыс 2 есеге азайса, дене қызуымен хабарласушылар 3 есеге, пневмониямен шақыртулар 2,5 есеге азайды. Қазіргі таңда шақыртулар саны тәулігіне 1200-1300-ді құрап, 2 есеге азайған.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: