Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жаңа шектеулер енгізіледі

02.07.2021, 11:35 434 0

HALYQLINE.KZ

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты облыстың Бас сантариялық дәрігері жаңа Қаулы қабылдады. Онда біраз шектеулер енгізілді. Қаулыда көрсетілгендей, вакцинация алмаған жұмыскерлер оффлайн режимде жұмыс істемейді. Болмаса 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР тестілеуден өту керек. Қаулы 3 шілде күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова баяндады.

Сондай-ақ, жаздық алаңдар, қоғамдық тамақтану объектілері сағат 9.00-ден 20.00-ге, асханалар түнгі 24.00-ге дейін халыққа қызмет көрсете алады. Ал Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына шектеу жоқ. Алайда мереке, демалыс күндері жұмыс істемейді. Мұнан өзге, сенбі және жексенбі күндері сауда үйлері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, ашық, жабық базарлар жұмыстарын тоқтатады.

– Бүгін облыс «сары» аймаққа енді. Күн сайын ауру жұқтыру қарқыны жоғарылап келеді. Эпидемиологиялық зерттеулер індетке шалдыққандардың басым көпшілігі екпе алмағандар арасынан анықталды. Ғалымдардың мәлімдемелері бойынша, елімізде қолданылып жатқан вакциналар коронавирустың мутацияларына қарсы антиденелер тудыруға қауқарлы. Ұжымдық иммунитет неғұрлым тез қалыптасса, вирустың жаңа нұсқаларының пайда болуы да соғұрлым бәсеңдейді. Сондықтан барша қызылордалықтарды вакцина алуға шақырамын! Қазіргі таңда облыстағы екпе кабинеттерінің барлығы сағат 24.00-ге дейін ашық. Өзіңіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың өмірін қорғау үшін екпе алыңыз, сақтық шараларын жауапкершілікпен атқаруды сұраймын, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын іс-шаралар, ойын клубтары, караоке, театр, кинотеатр, филармония қызметіне, боулинг, бильярд, спорттық, банкет залдардың жұмысына тыйым салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: