Қызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегінің ошағы шығуы мүмкін 116 елді мекен анықталды.
Қызылорда облысы Конго-қырым қанды безгегі табиғи ошағында орналасқан. 2020 жылы аталған індеттке 9 адам шалдықса, өткен жылы 12 жағдай тіркелген.
Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, был өңірде 116 елді мекен қауіптің болуы ықтимал деп тіркелді. Атап айтқанда, аудандар бойынша Аралда – 25, Жаңақорғанда – 19, Шиеліде – 16, Қазалыда – 14 елді мекен болса, қалғаны өзге аудандарда орналасқан. Бұл елді мекендердің залалсыздандыру іс-шараларына жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған. Ал қолайсыз деп танылмаған елді мекендердің тұрғындары залалсыздандыру жұмыстарын өз қаражаттарына жүргізеді.
Қазіргі таңда энтомолог мамандардан тұратын 3 арнайы жұмысшы топ құрылып, 239 елді мекенде зоологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс барысында 5154 кене жиналып, 503 сынама зерттелді. Нәтижесінде жануарлардан және далалық жерден жиналған кенелердің 7 сынамасынан оң нәтиже анықталды. Жыл басынан бері кене шағуға байланысты медициналық көмекке 11 адам жүгінді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!