Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

18.04.2020, 10:29 400

HALYQLINE.KZ –| Бүгін Қызылорда облысында жаңадан коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады.

«Өңірде COVID-19 вирусы бойынша тіркелген 143 науқас. Қазіргі таңда науқастардың жағдай бірқалыпты, емін жалғастыруда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 2181 азамат анықталды. Оның 1146-сы жақын байланыста, 1035-і жанама қатынаста болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: