HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 231-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
– Жаңадан анықталған науқас – 2 жастағы бала. Ол коронавирус инфекциясымен науқастанған отбасы мүшесінен жұқтырған. Соңғы тәулікте барлығы 813 зертханалық сынама алынса, оның 805 сынамасы теріс мәнді болды. Біреуі – оң мәнді болса, Жетеуі – зерттелу үстінде. Қалдық тест – 4300, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған – 3270 азамат анықталды. Оның ішінде, 1798-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.
Жалпы 22 сәуірден бері қарай COVID-19 инфекциясы 82 науқастан анықталған. Оның ішінде,
– 12-сі медицина қызметкерлері;
– жабық мекемелерді скринингтеген уақытта 2 науқас;
– 50 азамат қарым-қатынас арқылы;
– 7 азамат вахталық жұмыстан келгендер;
– 3 азамат блок посттардан тоқтатылып, тексеру барысында анықталғандар;
– 6 науқас медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданғандардан;
– 2 азамат Ресейден келген студент.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!