Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Мектеп оқушыларының жаппай улану себебі анықталды

05.04.2023, 13:50 265

HALYQLINE.KZ Санитарлық дәрігерлер Қызылорда облысында мектеп оқушыларының жаппай улану себебін анықтады.

29 наурызда Қазалы ауданындағы №225 орта мектептің жиырма бес оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түсті.

Кейін мектеп асханасындағы аспаз көмекшісінен стафилококк бактериясы табылған.

«Мектеп оқушыларының улануына не себеп болғанын білдік. Аспаздың көмекшісінде стафилококк бактериясы бар екені анықталды. Стафилококк – тамақтан улануға әкелетін бактериялардың бірі. Дәл осындай бактерия зардап шеккен 14 баладан табылды», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әлия Әбдіқайымова.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп асханасының аспазы мен аспаздың көмекшісі жұмыстан босатылып, білім мекемесінің медицина қызметкері жұмыстан шеттетілген.

«Білім беру ұйымының жауапты тұлғаларына қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық», – деді білім бөлімінің бас маманы Нұржан Жұманов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: