Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Инфекция жаңа ошақтан шықты

15.04.2020, 11:30 580

HALYQLINE.KZ –| Облыста коронавирус инфекциясының жаңадан 5 дерегі тіркелді. Оның екеуі – Шиелі ауданынан, біреуі Жаңақорғаннан болса, екеуі Сырдария ауданынан анықталды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Сырдария, Шиелі ауданынан тіркелгендер карантиндік бақылауда болған азаматтар арасынан табылса, Жаңақорған ауданынан тіркелген азамат жаңа ошақтан шықты. Сондай-ақ, науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталды», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Өңірде СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 124-ке жетті. Оның ішінде, Қызылорда қаласы – 12, Жаңақорған – 19, Арал – 4, Сырдария – 25, Қармақшы – 4, Шиелі – 59, Қазалы – 1 жағдай.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емін алуда. Мұнан өзге, 1 «Б» елдерінен келген 19 азамат болса, оның 4-еуі стационарлық карантинде, 15-і үй жағдайында бақылауда.

Айта кетейік, шетелден келген азаматтардан бірден анализі алынып, карантинге жабылады. Анықталмаған жағдайда ғана тұрғылықты мекенжайына жіберіледі. Және де сырт жерден келген азаматтар болса, жергілікті жердегі медициналық ұйымдарға хабарласуын сұраймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: