Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Індет жұқтырғандар саны 200-ден асты

01.05.2020, 12:37 309 0

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 204-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте жаңадан 6 жағдай анықталды. Оның үшеуі – Көпбейінді қалалық аурухананың қызметкері. Олардан скринингтік тексеру барысында белгілі болды. Ал, үш науқас – Атырау облысынан вахталық әдіспен жұмыс істеп келген. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емін хаттамаға сәйкес алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 2966 азамат анықталды. Оның 1577-сі – жақын қарым-қатынаста, 1389-ы жанама байланыста болған.

Өз сөзінде бас дәрігер карантин ережелерінің жеңілдетілуі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру үшін емес, күнделікті қажеттілікті өтеу және экономиканың кейбір салаларының жұмысының алға ілгерілеуі екенін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: