Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 4 күнде коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

02.09.2020, 15:00 647

HALYQLINE.KZ «Қызылорда облысында соңғы төрт күнде бірде-бір коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір тұрғындары арасында 27-31 тамыз аралығында қатерлі індетті жұқтырған азаматтар болған жоқ. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 3231 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған. Оның ішінде 3064 адам аурудан сауығып шықты. Өкініштісі, облыста 10 адам қатерлі індет салдарынан көз жұмды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында Қызылорда қаласы тұрғындарының саны басым.

Аталған індет облыстың барлық ауданында тіркелді. Қызылорда облысында науқастардың сауығып шығуына байланысты бірқатар провизорлық стационарлар жабылды. Қатерлі індет өршіген тұста Қызылорда қаласы, Арал, Жалағаш және өзге аудандарда ашылған емдеу орындары қалыпты жұмыс ырғағына көшті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: