Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазіргі заманғы логопедия ғылымының өзекті мәселелері қандай?

21.04.2022, 10:10 997

HALYQLINE.KZ Осы аптаның сәрсенбісінде Қызылорда «Болашақ» университетінде PhD, «Педагогика, дефектология» кафедрасының аға оқытушысы Ұ.К.Төлеутайдың ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы логопедия ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсатына тәжірибе алмасу, сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбелеуді, сөйлеу тілі кемістіктердің алдын алу жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу жатады.

Дөңгелек үстел аясында логопед маманның қызметі, мектепке дейінгі мекемелерде логопунктың түзету-білімділік үдірісінде қиындық туғызатыны, бір көлемде жүргізілетін құжаттар және әдістемелік бағдарламалардың жоқтығы және осыған байланысты логопед-мұғалімдердің ұйымдастыру әрекеттерін өзгерту қажеттілігі туындап отырғаны талқыланды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі оқуда түрлі қиындықтары бар балалардың саны біршама өскені, бұл қиындықтарды туғызатын себептердің көп мәнді екені назарға алынып, шешу жолдары жеке-жеке айтылды. Осы балаларға арнайы көзқараспен қарау, ерекше назар аудару, логопедтер мен ата-аналарының қолдауы және уақытылы, жүйелі түрде көмек болуы қажет. Сондықтан шара барысында осы мәселені шешуде әдістемелік нұсқаулық ұсынылды.

Әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған тілдік талдау мен жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан болған жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын түзету логопедиялық жұмыстардың негізгі бағыттарындағы мұғалім-логопед мамандардың осы балалармен логопедиялық жұмысты бағытты және тиімді ұйымдастыру жақсы нәтиже көрсететіндігі айтылды.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының

әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: