Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда маска тағу міндеттелді

30.07.2020, 13:20 578

HALYQLINE.KZ Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова маска тағу ережесін анықтайтын жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Учет.kz.

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы бекітілді.

«Жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және тағы басқаларында), сондай-ақ көлік пен көшеде барлық адам қорғаныш маскаларын тағуға міндетті», – делінген құжатта.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова маска тағу міндетті екенін, бұл норма 26 шілдедегі 43-қаулыда қабылданғанын айтқан. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: