Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі жүргізілуде

18.12.2025, 0:52 22

Облыста жыл басынан бері 163 мың науқасқа 646 мың рецепт жазылып, олар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ал, сирек кездесетін ауру түрлерімен есепте тұрған 388 науқасқа жалпы құны 613 млн теңгеге дәрілік заттар берілді. Аталған бағытта өңірде жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тиісті сала мамандары өңір тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету барысы мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

– «СҚ-Фармация» үшін басым бағыт – халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үздіксіз әрі уақтылы қамтамасыз ету. Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық ұйымдардан келіп түскен өтінімдер негізінде сатып алады. Қазіргі таңда облыста стационарлық медициналық көмек көрсету аясында 60 медициналық ұйым, ал амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 27 медициналық ұйым Бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Биыл облыстағы 60 медициналық ұйым 1 067 атаулы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлаған. Сонымен қатар, қосымша өтінімдерді ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютор мен 60 медициналық ұйым арасында 991 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Ал амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 27 медициналық ұйым 468 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлап отыр, – деді Қызылорда облысы бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС өкілдігінің басшысы Айжан Еділова.

– Биыл өңірдің медициналық ұйымдарына «СҚ-Фармация» ЖШС тарапынан 9,5 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілді. Нәтижесінде 163 мың пациентке 646 мың рецепт жазылып, олар тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, облыс бойынша сирек кездесетін ауру түрлерімен ауыратын науқастарға «Қазақстан халқына» қоры арқылы 7 пациентке 486 млн теңге бөлініп, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету тетігін жетілдіру мақсатында биыл «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілді. Аталған жоба аясында өңір емханаларында 613 мың рецепт жазылып, оның 82,3 пайызы eGov mobile қосымшасы арқылы берілді, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Талғат Нұртазаұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: