Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады

19.06.2022, 12:00 301

Құрметті медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бар білімі мен тәжірибесін, ерік-жігерін халықтың саулығын қорғауға бағыттаған баршаңызға Сыр жұртшылығы мен өз атымнан алғыс айтамын! Дені сау адам – қоғамның байлығы. Сондықтан кез келген мемлекет азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды алдыңғы қатарға қояды. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы мен нақты міндеттері аясында медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. Ардақты дәрігерлер! Әлемде қанша мамандық болса, олардың әрқайсысының адам өмірінде өз маңызы бар. Десек те, кез келген сәтте адам өміріне араша болатын ақ халатты абзал жандардың, Сіздердің орындарыңыз ерекше.Дәрігер мамандығын таңдауға үлкен жүрек керек.

Дауылпаз даналарымыздың «Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек» деуінің өзі жылылық пен жауапкершіліктің жүгін жеткізгендей. Бұл – қашаннан бар қағида, әрбір дәрігердің қастерлі парызына айналған.Кәсіби мерекеде барлығыңызға мұқалмас ерік-жігер, қайтпас қайсарлық пен батылдық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен саулық тілеймін.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ,

Қызылорда облысының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: