Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі: «Дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ»

18.11.2021, 11:55 289

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын Қызылорда облысы тұрғындарының 86,2%-ы, яғни 389954 адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы, 328189 адам екінші компонентін салдырды.

«Облыс «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, коронавирустық инфекцияны тежеу негізгі бағыттардың бірі болып қалуда. Жыл басынан бері егу кабинеттерінің саны 34-тен 106-ға дейін артты. Үй жағдайында қызмет көрсететін 39 мобильді, 167 мониторингтік топ жұмыс істеуде», – деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда 15363 объект тексеріліп, 52 млн. теңгеге 799 бұзушылық анықталды.

«Pfizer» вакцинасын егуді 15 қарашадан бастадық. Бүгінде 23400 дозасы өңірге жеткізілді. Талаптарға сәйкес 2 мұздатқыш камера сатып алынды, жақын арада тағы 10 камера мен 20 термоконтейнер жеткізілетін болады. Барлығы 97 мың доза жеткізу көзделіп отыр», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Аймақ басшысының айтуынша, басқа жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен күресуге дайын, дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: