Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Модульдік инфекция орталығының ғимараты облыстық онкология орталығының меншігіне берілді

20.07.2023, 17:30 154

Облыстық онкология орталығы биылғы 19 шiлдеден бастап модульдік инфекция орталығында халыққа қызмет көрсетеді. Онкология орталығы 2002 жылдан бері пациенттердің стационарлық ем қабылдауына бейімделмеген облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілік-техникалық бөлімінде орналасқан болатын. Ендi орталық кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдай жасалған 200 төсек-орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырмақ.

Орталықтың емхана бөлімі дәрігер кеңесін алуға және жоспарлы ем қабылдауға жолданған пациенттерді қабылдайды. Жаңа ғимараттың әр палатасы 2-3 ем алушыға арналған. Арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіш, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген. Жансақтау бөлімі 6-дан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген.

Жабдықталған 2 операциялық залы бар. Ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппараты, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: