Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Міндеттісіз: вакцина немесе ПТР тест

01.07.2021, 18:00 815

HALYQLINE.KZ

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Аталған құжатқа сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина алмағаны үшін қызметкерлері 7 күнде 1 рет ПТР тест тапсыру міндеттелетін ұйымдардың тізімі кеңейтілді.

Атап айтқанда, халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;

білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР тестілеу енгізіледі.

Сонымен қатар қаулыда 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде «COVID-19»-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде «COVID-19»-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру қажеттігі көрсетілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: