Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медицина мамандарын қолдау жалғасуда

23.04.2020, 10:31 246

HALYQLINE.KZ –| Қауіпті індетке байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан дәрігерлер бірнеше апта бойы отбасыларынан тысқары жүр. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының әкімдігі коронавирус инфекциясымен күрескен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап, кәсіпорындар мен қоғам белсенділері қолдау көрсетуде.

Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры «Covid-19» пандемиясымен күресуші көпбалалы 16 кіші буын қызметкеріне ноутбук табыстады. Сыр өңірінің барша медицина қызметкерлері қиын сәтте қолдау көрсеткен Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қорына алғысын білдіреді.

Айта кетейік, Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбе қалаларының медицина мамандары да компьютер сыйға тартқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: