Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Латвиямен әріптестік жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

10.12.2024, 8:45 67

HALYQLINE.KZ

Осы жылдың сәуір айында Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвияның Рига медициналық колледжімен Еуроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойған болатын. Желтоқсанның 2-сі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы, көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы және Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң директоры Қалмақова Жанар Амангелдіқызы Латвияда өткен халықаралық конференцияға қатысты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияда колледж директоры Жанар Амангелдіқызы Словакия, Молдавия, Болгария, т.б. елдердің медицина мамандары алдында баяндама жасады.

Іссапар кезінде Олжас Ермекұлы бастаған конференцияға қатысушылар Латвияның емдеу мекемелерінде тәжірибе алмасты. Латвия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесіп, медициналық бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Меморандум бойынша медицина колледжінің білім алушылары ІІ жартыжылдықта академиялық ұтқырлық аясында Рига медициналық колледжінде оқуларын жалғастырмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: