Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус жұқтырғандар енді екіге бөлінбейді

01.07.2020, 10:35 529

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар енді симптомды және симптомсыз деп екіге бөлінбейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің coronavirus2020.kz порталы вирус жұқтырғандардың жалпы санын жариялады, деп хабарлайды Abai.kz

Бұған дейін ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 3 маусымнан бастап вирус жұқтырғандарды симптомды және симптомсыз деп екіге бөлгенін айтқан. Ал, симптомсыз науқастар ресми статистикаға енбеген.

Сонымен бүгінде елде коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты. Ал, өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 5442(+110)

Алматы қаласы – 5501(+113)

Шымкент қаласы – 3151(+69)

Ақмола облысы – 1246(+92)

Ақтөбе облысы – 1511(+37)

Алматы облысы – 2096(+98)

Атырау облысы – 4133(+229)

Шығыс Қазақстан облысы – 1517(+98)

Жамбыл облысы – 1423(+48)

Батыс Қазақстан облысы – 2773(+149)

Қарағанды облысы – 4829(+191)

Қостанай облысы – 934(+32)

Қызылорда облысы – 1212(+45)

Маңғыстау облысы – 1134(+71)

Павлодар облысы – 1139(+89)

Солтүстік Қазақстан облысы – 1295(+81)

Түркістан облысы – 1719(+52)

Жазылып шыққандар 13 558, қайтыс болғандар – 188

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: