Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: Қызылордада жеті жағдай тіркелді

19.05.2020, 10:40 492

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 255-ке жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны – 210. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның екеуі – скринингтеу барысында анықталса, төртеуі – індет жұқтырғандармен байланыста болған. Ал біреуі – Шарждан келген, Алматы қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған 3415 азамат анықталды. Оның ішінде, 1938-і жақын қарым-қатынаста, 1477-сі жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтан, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз. Сонымен қатар, сырт өңірлерден келген азаматтар болса, жергілікті медициналық мекемеге хабарласуын сұраймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: