Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: Қызылордада тағы төрт жағдай тіркелді

09.06.2020, 10:45 465

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 466, ал симптомсыз – 53 азамат.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 4 дерек тіркелді. Оның 1-еуі – симптомды, қарым-қатынас арқылы, ал 3-еуі – симптомсыз, аурухана мен емхананың скринингінен анықталды», – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 5344 азамат анықталды. Оның 3140-ы – тікелей қарым-қатынаста, 2204-і жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, індеттен айығып шыққандар саны 298-ге жетті. Соңғы тәулікте стационардан 7 адам емделіп шықты.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: