Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: Аймақтағы ахуал алаңдатады

24.06.2020, 11:20 367

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 587, ал симптомсыз – 314 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 515 адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа 10 жағдайдың 9-ы скринингтен болса, 1 науқас індет жұқтырған адаммен байланыста болған. Ал, симптомсыз коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелді. Оның 26-сы – скринингтен, 7 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 4 науқас қарым-қатынастан анықталды», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6713 азамат анықталды. Оның 4308-і – тікелей қарым-қатынаста, 2405-і жанама байланыста болған.

«Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз» дейді облыстың бас дәрігері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: