HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 587, ал симптомсыз – 314 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 515 адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Симптомды жаңа 10 жағдайдың 9-ы скринингтен болса, 1 науқас індет жұқтырған адаммен байланыста болған. Ал, симптомсыз коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелді. Оның 26-сы – скринингтен, 7 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 4 науқас қарым-қатынастан анықталды», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6713 азамат анықталды. Оның 4308-і – тікелей қарым-қатынаста, 2405-і жанама байланыста болған.
«Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз» дейді облыстың бас дәрігері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!