Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кондиционері бар бөлмеде вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары

27.07.2020, 17:40 409

HALYQLINE.KZ

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов коронавирусқа қатысты онлайн сұхбат өткізді, деп хабарлайды ult.kz

Маман халық арасында таралған өтірік-шыны аралас гипотезаларға да түсінік берді. 

«Кондиционер үнемі жедел өткір вирустық респираторлы ауруға шалдыққан, суық тиген адамның жағдайын одан әрі асқындыруы мүмкін факторға жатады. Көшеде, офисте, көлікте 35-40 градус ыстық болған жағдайда, адамдар салқындау үшін кондиционер орнатады. Ыстықтап келіп, салқын ғимаратта салқындаған адам қайтадан ыстыққа шыққанда, адам ағзасында температура ауытқиды. Бұл иммунитеттің әлсіреуіне әкелуі мүмкін», – деді А.Малбасқанов.

Оның айтуынша, адам түрлі инфекцияны жұқтырмау үшін кондиционер фильтрін уақытында ауыстырып тұруы тиіс. Бөлме табиғи жолмен желдетіліп тұрса – ең абзалы болмақ.

«Кондиционер қосқанда біз есік-терезені жауып жүреміз. Аппарат бір бөлмедегі ауаны ғана алмастырады. Сондықтан кондиционері бар бөлмеде де вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Әсіресе фильтрі ауыспаған жағдайда. Себебі ескі фильтр клебсиелла, легионелла бактерияларын таратуы мүмкін. Олар – лас жерде өсетін микроорганизмдер. Бұл бактериялар да пневмонияға әкеледі», – деді ол.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: