Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, кенеден кесел жұқтырған Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.
Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-інде диагноз расталды.
— Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді, — деді басқарма басшысы.
Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейген. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.
Фото: sputnik.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!