Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есет батыр ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады

29.03.2023, 12:20 135

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданының әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Есет батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған негізгі жобаларға тоқталып өтті. 2023 жылы Есет батыр ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады. Жоба құны – 410,1 млн теңге.

Ауыл халқының көкейінде жүрген негізгі мәселелердің бірі ауылға аяқ су тарту үшін су насосы алынатын болды. 2022 жылы Есет батыр ауылында үш көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Халықтың ұсынысына сәйкес бұл жоба өз жалғасын табатын болады.

Аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстарды тыңдап, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: