Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлердің жыныстық қуаты неге төмендеп кетті?

15.10.2020, 11:40 4492

Дәрігер ер адамдарды белсіздік не бедеуліктен гөрі жыныс мүшесінің өлшемі көбірек алаңдататынын айтады.

Қазақстанда сәби сүйе алмай жүрген отбасы саны көбейген­. Дәрігерлердің айтуынша, әдетте мұндай жағдайда кінәні әйел адамнан іздеу басым. Алайда медициналық тәжірибе ер адамның­ денсаулығындағы ақауға байланысты әйелінің бала көтере алмауы жиілегенін көрсеткен. Мәселе де сол – ер адамдар­ өз еркімен дәрігерге қаралмайды. Осы ретте уролог дәрігер Олжас Иманғалиұлы Informburo.kz тілшісіне ерлер әуес зиянды әдеттер, олардың жыныс жүйесінде кездесетін ауытқулар мен аурулар, науқасты тексеру мен емдеу жолдары туралы әңгімелеп берді.

Уролог дәрігер
Олжас Иманғалиұлы

БЕДЕУЛІК  пен  БЕЛСІЗДІКТІҢ   АЙЫРМАСЫ   НЕ?

Бедеулік әйелде де, ер адамда да болады. Еркек ұрығының сапалы болмауына, өзгеріске ұшырауына байланысты әйел бала көтере алмай­ды. Өмірде біз байқаған тәжірибе қандай? Отбасы бала сүйе алмағанда, әйелі ғана дәрігер тексеруінен өтеді. Бұл дұрыс емес, ерлі-зайыптының екеуі бірге тексерілуі керек. Шындығы сол, көп жағдайда ер адамның ұрығы түсіп кеткен­, сапасыз не тіпті де өліп қалған болып шығады. Мұны медицинада еркектік фактор не ерле­р  бедеулігі  деп  атайды.

Ал белсіздік медицина тілінде эректилді дисфунк­ция деген атауға ие. Ол қозудың бұзылуы­, еркектік шама келмеу дегенді біл­ді­реді. Бұрын белсіздікке адамдар 50-60 жастан асқаннан кейін шалдықса, қазір ол 25 жастағы жігіттер арасында да жиі кездеседі.

Әдетте адамдар жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне шалдыққанда, инсульт не инфаркт алған кезде жамбас қуысында қан айналымының баяулауына байланысты белсіз­дікке ұшырайды. Өйткені, жүрекке арналған дәрілер бауыр жұмысына кері әсер етеді. Бауыр қызметі төмендеген кезде төменгі қан айналымының нашарлауына байланысты жыныс мүшелері әлсірейді.

Жастарда белсіздіктің жиі кездесетін себептері:­

• стресс;

• ауыр жұмыс;

• суықтау;

• беталды жыныстық қатынас кезінде түрлі вирус жұқтырып алу.

Одан қалды, әскерден простатитпен ауырып оралатындар бар. Сарбаздар су етікпен постта сағаттап тұрады. Табаннан өткен суық бірден қуық жолдарын зақымдайды. Зәрдің дұрыс шықпауы, қан айналымының төмендеуі еркек­тік­  күш-қуаттың  азаюына әкеледі.

Егде жастағы адамдарда белсіздіктің себебі көп ретте түрлі аурулармен байланысты. Мәселен, қант диабетімен ауыратындар, инфаркт, инсульт алғандар жыныстық ауруларға бейім келеді. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанбауға байланысты бауырды май басуы да – басты себептердің бірі.

Ер адамдарда жас ұлғая келе тестостерон гормоны азаяды. Оған жас ұлғаюынан бөлек, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, ұйқысыздық, спортпен шұғылданбау, аз қимыл-қозғалыс та әкеледі. Тестостерон деңгейі төмендегенде еркект­ің жыныс мүшелері әлсірейді. Бұл – белсізді­кке алып келетін бірден-бір жол.

ЕМДЕЛУ   ҮШІН   ҚАНДАЙ   ТЕКСЕРУДЕН   ӨТУ   КЕРЕК?

Бірінші кезекте қан мен зәр құрамы тексері­леді:­

• қанның қоюлығы;

• холестерин деңгейі;

• жыныстық ауру мен вирустың бар-жоғы анықталады.

Кейін қуықасты безінен бөлінетін сұйықтықты зертханаға жіберіп, лейкоцит деңгейін (жоғары не төмен), қабыну процесі бар-жоғын біледі. Одан бөлек, тағы 5 тексеру тәсілі қолданылады:

• ректалды қарау;

• қуықасты безін пальпациялау (қолмен ұстап тексеру);

• ультрадыбыстық зерттеу (зәрдің қуықтан толық  шығатын-шықпайтынын  анықтау);

• трансректалды ультрадыбыстық зерттеу (обыр жасушаларының орын асуы бар-жоғын анықтау);

•жыныстық, қалқанша бездері гормоны деңгейін тексеру.

Қандағы гормондар еркек ағзасы үшін ұрықтың дұрыс өндірілу процесіне жауап береді. Ұрық каналдары сұйықтықпен жабылып қалуы мүмкін. Ал ұрық каналдарының бойында қан тамырлары кеңейсе, міндетті түрде операция жасау не ем тағайындау керек.

ОТАНДЫҚ   МЕДИЦИНА   БЕДЕУЛІК   ПЕН  БЕЛСІЗДІКТІ   ЕМДЕУГЕ  ҚАБІЛЕТТІ   МЕ?

Қуықасты без бен ен қабынса, дәрі-дәрмекпен, қосымша физиоаппараттар көмегімен емдеуге болады. Бедеулік пен белсіздікке жасалатын ем 70-80 пайыз жағдайда оң нәтиже береді.

Ал емнен нәтиже болмаса, ЭКО-ға жүгінуге мүмкіндік бар. Мәселен, ұрық каналдарының бітеліп қалуы обструктивті бедеулікке, яғни ұрықтың толық шықпауы мен сапасының төмендеуіне әкеледі.

Бұл  жағдайда жұмыртқадағы сапалы ұрықты тесіп алып, әйелге салып береді не ұрық өздігінен шығуы үшін ұрық каналдарының бойына­ пластикалық  операция  жасап,  қалпына келтіреді.

БАЛАНЫ   ҚАЙ   ЖАСТАН   БАСТАП   УРОЛОГҚА  ҚАРАТУ  КЕРЕК?

Бала 5 жастан бастап урологтың қадаға­лауында болуы қажет. Өкініштісі, елімізде уролог­ мамандар, әсіресе балалар урологы тапшы,­ көптеген ауылда мүлде жоқ. Уролог баланы­ң жыныс мүшесінің дұрыс жетілуін бақылайды. Қазіргі таңда балалардың көбінің үрпісі тар болып­, фимоз деген аурумен (ер адам жыныс мүшесі үрпісінің тар болып, ашылмауы не қиын ашылуы) дүниеге келіп жатыр. Үрпі ашылмаса, оның ішкі қуысы үнемі смегма аталатын ақ затқа толып қалады. Смегма үрпінің оңай ашылуы үшін қажет, алайда тазаланбай, көп мөлшерде жиналып қалған кезде зиянын тигізеді, кейін ауру пайда болуы мүмкін. Егер бала тұрақты түрде уролог бақылауында болса, мұн­дай асқынудың алдын алуға болады. Бұл – бір.

Екіншіден, балаға бәріміз «памперс» атап кеткен бір реттік жаялықтар кигізу де өте зиян. Оған әдеттенген бала зәрін ұстай алмай, шыжың ауруына ұшырайды. Сондықтан, баланы ерте жастан өзінің дәретке отыруына үйрету керек.

ЕРЛЕР   УРОЛОГҚА   ҚАРАЛУДАН   НАМЫСТАНАДЫ

Бала 5 жастан балалар урологының қада­ғалауында болуы керек десек, 15 жастан бастап ересектер урологының бақылауында болуы тиіс. Жылына кем дегенде бір рет, ал 40 жастан асқасы­н 2 мәрте тексерілуі қажет. Өкінішке қарай, қазақ  отбасында  жыныстық сауаттылық туралы­  әңгіме  ашық  айтылма­йды, әке-шеше оны баласын­а дұрыс түсін­дір­мейді. Сондықтан  да ер адамдар уролог маманға­ қаралуға ұялады. Ақыры  ауруы асқынып, жанына­ батқан кезде ғана  ем іздейді. Алайда тым  кеш  болып  жатады.

Қоғамда жас отбасылар арасында ажырасу статистикасының  өсуінің  де басты себептерінің бірі – осы ерлер белсіздігі. Көпшіліктің қателігі – үйленгеннен кейін бала болмаған жағдайд­а ғана емделе бастайды. Ол дұрыс емес. Үйленер  алдында  тексеріліп,  емделу  қажет.

ЖЫНЫС   МҮШЕСІНІҢ   ӨЛШЕМІ  КӨБІРЕК   АЛАҢДАТАДЫ

Урологтың көмегіне жүгінетіндерді мазалайтын сұрақтар ұқсас. Олар – белсіздік, бедеулік, зәр шығарудағы қиындықтар және басқа. Дегенме­н, оларды көбіне белсіздіктен бұрын жыныс мүшесінің өлшемі көбірек мазалайды. Оны үлкейтудің амалын іздеп әлек. Рас, жыныс мүшесін үлкейтудің медициналық бірнеше жолы бар. Негізгілері:

• гормон жетіспеушілігі болған жағдайда – гормондық терапия;

• түрлі медициналық аппаратпен созу арқылы;­

• жыныс мүшесін ұстап тұратын байламды кесуге негізделген пластикалық операция жолымен­.

Дегенмен, жыныс мүшесінің кіші өлшемі жыныстық қатынас жасауға мүлде мүмкіндік бермеген жағдайда ғана бұл мәселемен дәрі­герге қаралған дұрыс. Әйтпесе, тура мәнінде «артық қыламын деп тыртық қылып» жат­қандар  көп.

Белсіздікке 50-60 жастан асқандар шалдығатын болса, қазір ол 25 жастағы жігіттер арасында да жиі кездеседі.

МАСТУРБАЦИЯ   ҚАНШАЛЫҚТЫ   ЗИЯН?

Ер адамдар мастурбациясы, яғни өзінің жыныс­тық қажеттілігін өзі қанағаттандыруы туралы­ қоғамда әңгіме көп. Егер бұл әдет бала кезден басталса, оның психологиясында терең із қалдыруы мүмкін. Яғни, өскенде, тіпті үйленгеннен кейін де бұл әдеттен арылуы қиын бола­ды. Сондай-ақ, дәл осы себепті отбасын құруды кешеуілдетіп жүргендер көп. Мастурбацияны әдетке айналдырған ер адамдардың шынайы жыныстық қатынасқа түсуге деген құлшынысы­ төмендейтіні медицинада белгілі.

Бала кезде, яғни жыныс мүшесінің әлі жетілуі­ кезінде мастурбациямен айналысудың физиологиялық зияны да бар. Жыныс мүшесін­е шамадан тыс күш түсіру, оны физикалық жолмен созу – органның табиғи дамып, жетілуіне зиянын тигізеді. Бұл кейін «ұрықтың мерзімінен­ бұрын шығып кету» дертіне айналуы мүмкін.

Еркектердің 80-90 пайызында ұрықтың мерзімін­ен бұрын шығып кету және ерте қозу (жыныстық қатынасты ерте аяқтау) мәселесі бар. Мұның да басты себептерінің бірі – мастурба­циямен тым көп айналысу.

Жалпы, жыныстық өмірдің дұрыс болуы үшін ерлі-зайыптылар аптасына 2-3 мәрте жыныстық қатынасқа түсуі қажет. Бұл әйелдің де, еркектің де денсаулығы үшін пайдалы. Егер жыныс­тық қатынас белгілі бір себептермен уақытылы болмаса, қуықасты безінде секреция­ның қалып кетуі мен мөлшерден тыс көбеюі  болады. Ал ол өз кезегінде қанның іркілі­сі­не, қуықасты безінің қабынуына әкеледі. Міне, мұндай  жағдайда мастурбацияның пайдасы бар. Бірақ, ол әдетке айналмауы керек және оның жыныстық қатынас серігін алмастыра алмай­тынын  ұмытпаған  жөн.

Мастурбация әдетке айналмас үшін не істеу керек? Ең алдымен, ойды өзгерткен абзал. Яғни, бос уақытты пайдалы істермен, мәселен, спортпен, өнермен шұғылдануға жұмсау қажет. Сондай-ақ, жастардың жыныстық сауатын арттыру­ға көбірек көңіл бөлген жөн.

«ҰЯТ»  ҰРПАҚ  САУЛЫҒЫНА  КЕСІРІН  ТИГІЗІП  ЖАТҚАН  ЖОҚ  ПА?

Қазақы менталитетті алға тартып, отбасында жыныстық қатынас туралы айтудан ұяламыз. Бірақ, отбасы – тәрбие мен білімнің басты ошағы болғандықтан, ашық әңгіме осы жерде айтылуы керек. Рас, қазақ халқында қан тазалы­ғын сақтауға негізделген жеті атаға жетпей қыз алысып-беріспеу салты бар. Бұл – халықтың жыныстық тәрбиені салт-дәстүр, жол-жоралғы­мен-ақ ұрпаққа жеткізіп отырғанының дәлелі.

Бірақ, қазір көріп отырғанымыздай, отызға келген жігіттің жыныстық сауатының болмауы, өз денсаулығын қалай күту керек екенін білмеуі және соның салдарынан белсіз не бедеу болып жатқаны – алаңдарлық мәселе.

Біреудің отбасына барып ақыл айта алмаймыз. Сондықтан, әрбір ата-ана баласымен «жабық тақырыпта» да сөйлесуі, жыныстық білім беруі керек. Одан бөлек, мектеп бітіруші сынып оқушыларына арнайы жыныстық сауат сабақтары енгізілуі тиіс.

ЖЫНЫСТЫҚ   САУАТТЫ   АРТТЫРАТЫН  ҚАЗАҚША   КОНТЕНТ   АЗ

Интернет кеңістігінде, әлеуметтік желілерде­ бұл тақырыпта қазақша контент жоқ. Оны жасау­ға дәрігерлердің уақыты да, қажетті бейімі де жоқ. Осы орайда, қазақ медицинасын дамыту­, ер-азаматтарға консультациялық көмек беру мақсатында YouTube желісінде арна аштық. Рас, қазақша контент жасап бастағанда біз де ұят туралы ойладық. Дегенмен, бұл тақырып ашық айтылуы, жазылуы тиіс деп шештік. Жеті ай ғана өтсе де, әлеуметтік желіден көріп, емделуге, кеңес алуға келіп жатқандар қарасы көп.

Назерке  АБИБУЛЛА.

informburo.kz

Отбасын  құрғалы  жүрген  жігіттерге  5 кеңес:

• Уақытылы режиммен 8 сағат ұйықтау қандағы­ кортизол гормонының деңгейі­н қалыпта ұстайды және тес­тос­терон гормонының өндірілуіне септігін тигізеді;

•Дұрыс тамақтану және темекі мен алкогольден бас тарту ағзадағы зат алмасу­  процесін  реттейді;­

• Спортпен шұғылдану арқылы жамбас­ қуысының қан айналымы жақсарады;­

• Дәрігерге жылына 2 рет қаралу неше түрлі жыныстық аурулардың алдын алады;­

• Ағзаға  қажет дәрумендерді қа­былдау жыныс­  жолының ауруларына шалдығу­ды азайтып­, иммунитетті  нығайтады.­

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: