Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Емхана «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі керек

14.03.2024, 11:40 91

Асылбек  ТОРЫБАЕВ, 

«Q-MED»  емханасы  бас  директорының  міндетін  атқарушы:

Қызылордалықтарға «Q-MED» емханасы толық адамдарға арналған аймақтағы жалғыз МРТ аппараты және басқа да диагностикалық құрылғыларымен жақсы таныс. Облыстағы танымал бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының бірі «Q-MED» емханасының жұмысы жайында Асылбек Торыбаев әңгімелейтін болады.

– Асылбек Шырынбайұлы, емхананың құрылу  тарихына  тоқталып  өтсеңіз.

– Емхана «Q-MED company group» серіктестігінің бастамасымен, «Даму» кәсіпкер­лікті дамыту қорының қолдауымен, ше­тел­дік инвестицияларды тарту арқылы құрылған. Медициналық орталық амбулаториялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Емхананың жоспарлы қуатты­лығы ауысымына 300 адамға дейін жетеді. Қазіргі  таңда  4  аймақ облыс  орта­лығының 7 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Ал 2023 жылдың ақпанында 1612 адаммен жұмыс істей бастаған болатын. Бүгінгі күні 20 мың адамды қамти отырып, аймақтардың санын 12-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Емхана барлық қажетті бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетеді. Бұл амбулаториялық жағдайда және күндізгі стационарда аурулар мен жағдайлардың алдын алу, диагностикалау, емдеу, саламатты өмір салтын қалыптастыру шаралары  болып  табылады.

– Сіздерге консультациялық-диагностикалық  қызметке  мұқтаж науқастар көптеп келе­ді. Оларға  тегін  қызмет  көрсетіле  ме?

– Иә, бізге облыстағы барлық емханадан науқастар жіберіледі. Жоспарланған қызметтерді алу үшін науқас «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болуы керек, өйткені емхана деңгейінде бұл қызметтер міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі. Егер диагностикалық тексеруге көрсеткіштер болса, науқастың КТ, МРТ, ФГДС, ЭКГ, ЭЭГ, жүрек УДЗ, Холтер мони­торингінен өтуге мүмкіндігі бар. КТ аппаратына сәбилердің де, салмағы 170 келіге дейінгі адамдардың да түсуі қарастырылған. Сәулеленудің аз дозасы бар рентген аппараты  бар.

– Дегенмен, көптеген адам МРТ аппаратымен тексерілгісі келеді, өйткені бұл зерттеу диагностиканың ең дәл әдісі ретінде таныл­ған…

– Ең алдымен, МРТ диагностикасы үшін тиісті көрсеткіштер болуы керек. Томограф ерте кезеңде патологияларды көруге қабілетті. Бірақ, МРТ тромбтарды көрсете ала ма? Бұл әдіс көзбен шолуды жақсарту үшін  контраст  ерітіндісін пайдаланатын КТ ангиографиясы сияқты дәл емес. Мен емхананың магнитті-резонансты томографиясының бір ерекшелігін атап өткім келе­ді. Ол 250 келі салмаққа шыдайды. Ал қалыпты МРТ аппараты 130 келіге дейінгі жүктемеге арналған. Диагностикалық зерттеу нау­қас үшін ең қолай­лы жағдайда, сәулелену әсерінсіз жүргізіл­еді. Көп жағдайда бұл диагнос­тикалық зерттеулерге неврологиялық аурулары мен жарықтары бар, қан айналымы жүйесі бұзылған немесе әртүрлі жарақаттан  кейінгі  науқастар  жүгінеді.

Айта кетейін, 2023 жылы «Q-med» емханасында 16,5 мыңға жуық адам консультациялық-диагностикалық қызмет алған. Бұл мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 32,7 млн теңге бөлінді.

– Науқастар көбіне мамандарға көріну үшін ұзын-сонар кезекке және диагностикалық тексерулерді күту уақытының ұзақ болуына шағымданады. Сізде осындай шағымдар бар ма?

«Сыннан аулақ болу үшін ештеңе істемеу керек, ештеңе  айтпау  және ешкім болмау керек…»  дегендей, түрлі  пікір болатыны сөзсіз. Егер  2023 жылы бірлі-жарым  жағ­дайлар болса, биылғы жылдың басынан бері науқастардан шағым түскен жоқ. Бұл ретте, барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағыдай, «Q-med» емханасында да пациенттердің шағымдары қаралып, мүмкіндігінше мәселелерді шешуге  тырысатын науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейтінін  атап  өткім  келеді.

Біз сапалы медициналық қызмет пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталғанбыз. Емхана «бір терезе» қағидаты бо­йынша жұмыс істейді. Медициналық ұйым зерт­ханалық қызметтен, диагностикадан, дәрігерлерден кеңес алудан және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден басқа, жедел жәрдем қыз­меттерін  де  көрсетеді.

Медициналық орталықта барлығы 60-тан астам адам жұмыс істейді, оның 26-сы – дәрігер. Бұл – терапевт, кардиолог, травматолог, хирург, невропатолог және басқа да  кәсіби  мамандар.

Сұрақтарыңыз  болса, емхананың  байланыс орталығына  мына  телефон нөмірі бо­йынша  хабарласуға  болады: 8 705 176 70 24.

– Әңгімеңізге рақмет. Ісіңізге сәттілік тілейміз!

Әңгімелескен  Н.КЕНЖЕТАЙ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: