Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елжан Біртанов: Мамыр – өте қауіпті кезең

22.04.2020, 11:19 520

HALYQLINE.KZ –| Коронавирус инфекциясының таралуы мамырда да жалғасады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

– Ауру жұқтырғандардың көбеюін, азаюын үш ай бойы – наурыз, сәуір және мамырда қадағалаймыз. Біз мамырдан кейін ештеңе болмайды деп айтпаймыз. Инфекция болады, қоғамда таралады. Біздің міндет – осымен бірге өмір сүріп үйрену. Инфекция – өте жұқпалы. Адамдардың кей санатын ауыр жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан эпидемияға төтеп беріп, төмендетіп алған соң, үнемі карантинде отырмау үшін мұнымен өмір сүріп үйрену керек.Сондықтан біз мамыр айының соңына дейін шамамен 3500 жағдай болады деп ойлаймыз. Содан кейін басқа санды тіркей бастаймыз, қазір нақты бірдеңе айту қиын. Жапонияда, Сингапурде эпидемия қайта басталды. Болжам жасау қиын, Қазақстанда нақты былай болады деп болжай алмаймыз. Бұған уақыт керек, карантин мамырда созылуы мүмкін. Мамыр қауіпті кезең деп есептейміз, – деді Біртанов.

Оның айтуынша, адамдар қауіпсіздікті сақтай отырып, қарым-қатынас жасауды үйренбесе, үкіметке қатаң шаралар қолдануға тура келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: