Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәрігер ауруханада өзі ота жасаған баланың тұсауын кесті

29.07.2023, 16:00 243

Қызылордалық хирург ауруханада өзі ота жасаған баланың тұсауын кесті. Бір жастағы қала тұрғыны миндаль дәніне қақалып, көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

– Эндоскопист күтетін уақыт болған жоқ. Баланың тыныс жолы бітеліп қалған. Ауа жетпей қиналды. Реаниматолог-анестезиолог әріптесім Игорь Самсонов бар, басқа мамандар бар, бірге шұғыл ота жасап, аман алып қалдық, – деді хирург дәрігер Самат Шуақбаев.

Бір сағатқа созылған отадан кейін ғана кішкентай пациентің беті бері қарады. Баланың ата-анасы ауруханада дәрігерге ұлының тұсауын кестірді.

Кейіпкеріміздің онжылдық еңбек жолында балалар түйреуіш те, тиын да, шаш та жұтып қойған жағдайлар кездескен. Әлімжан Төлегенов жетекшілік ететін жедел хирургия бөлімі талайды құтқарып қалған.

– Бір қызық жағдайды айтып берейін. Тиын жұтып қойған балаға ота жасадық. Өңешінен 100 теңгелік монета алып шықсақ, анасы «200 теңге жұтып еді ғой» деп жүр, – деді дәрігер.

Назерке Саниязова,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: