Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар ауруханасының 60 жылдығы аталып өтілді

02.03.2022, 10:55 346

HALYQLINE.KZ «Балалар жылы» аясында көпбейінді облыстық балалар ауруханасының 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты – балалар денсаулығын нығайту, аурушандықтың алдын алу және салааралық байланысты нығайту.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сәбит Пазылов, КОБА құрметті директоры, медицина ардагері Тұрғанбай Маханов алғыстарын білдіріп, медицина қызметкерлерін облыс әкімі мен «Nur Otan» партиясының алғыс хаттарымен марапаттады.

Шара соңында «Бақытты балалықтың құтты мекені» кітабының тұсауы кесіліп, қатысушылар назарына ұсынылды.

Қонақтар «Қамқорлық» оңалту орталығымен танысып, жергілікті дәрігерлердің емдеу ісі тәжірибелерінен баяндамалар тыңдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: