Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан орталығында дәріхана ашылды

05.08.2020, 10:10 1457

HALYQLINE.KZ Аудан орталығында «Lab Service company» ЖШС-нің «Ансар» дәріханасы жұмыс істейді. Бұл дәріхана тұрғындарға тәулік бойы қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде. Аудан халқының сұранысын өтеу мақсатында дәріхана желісі кеңейіп, бүгін Тереңөзек орталығында тағы бір «Ансар» дәріханасы ашылды. Кенттегі А.Иманов көшесі бойында (бұрынғы «Өркен» сауда дүкені ғимараты) жұмысын бастаған дәріхана таңғы 8.30-дан түнгі 22.00-ге дейін қызмет көрсететін болады. Мұнда екі фармацевт маман жұмыс істеп, тұтынушылар сұранысын қамтамасыз етеді.

– Аудан тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту үшін дәріхана желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның айғағы ретінде бүгін аудан орталығында тағы бір дәріхана есігін айқара ашты. Мұнда коронавирустық инфекцияға қажетті дәрі-дәрмек бар. Бағасы да қолжетімді. Алдағы уақытта аудан елді мекендерінде дәріхана жүйесін ашу жоспарлануда, – дейді дәріхана меңгерушісі Ардақ Тәжібаев.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: