Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын!

15.04.2021, 14:20 1290

HALYQLINE.KZ Мен Сүлеймен Тұрғанбайұлы Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылының тұрғынымын. 7 сәуірде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түстім. «Ең бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Құдай бетін әрі қылсын, жаның қысылғанда небір нәрселерді ойлайды екенсің. Аты жаман індеттің елімізге келгеніне де 1 жылдан асты. Телеарналар мен БАҚ құралдарында, қоғамдық орындарда тынбай «Сақтық шараларын сақтаңыздар!» деп жатыр. Десе де, кейбіреулердің әлі де бейқамдығын байқап жүрміз.

Иә, мына аты жаман індетпен мен де ауырдым. Бұл да бір майдан екен. Осы жерде әр адамның денсаулығы, өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлер қауымына мың да бір алғыс айтуымыз керек. Шынында, аурумен алысып жатқанда адамға бір ауыз жылы сөздің өзі шипа екен. Осы орайда, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымына, оның ішінде балалар жұқпалы аурулар бөлімінің аға мейірбикесі Гүлсара Жаханова бастаған ұжымға, мейірбикелер мен күтушілерге көп-көп рақметімді айтқым келеді. Өйткені, бұл кісілер менің құлан-таза айығуыма себепші болды. Ақ халатты абзал жандар осындай қиын шақта адам жанының арашасы болып, қаншама жүректердің соғуына, ағайын-туыс, отбасына аман-есен оралуы үшін өз өмірлерін қатерге тігіп жүрсіз. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Қиындықта артқа тастап, жарқын күндерде жолығайық! Індет іргемізден алыстасын!

Сүлеймен ТҰРҒАНБАЙҰЛЫ

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: