Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Антына адал жандар

23.12.2021, 9:30 511

«Ақ халаттан көремін пәктігінді,

Қорғайсың сен сақшыдай шат күнімді.

Тіршіліктің пәктігін тоқтатпайтын,

Құдіретті жан өзіңсің тап бүгінгі» – деп ақын Фариза Оңғарсынова жырлаған­дай, бүгінгі құдіретті жан – ол  дәрігер.

Мен  Қызылорда қаласының тума­сы, еңбек ардагерімін. Осы жылдың қыркүйек айының 12-сі күні аяқ астынан ауырып, облыстық онкология орталығына түстім. Сырқаттың атын естігенде, төбемнен жай түскендей болды. Дерт жаныңа батып, тәніңді сыздатқанда шыбындай жаныңа дауа іздеп шырыл­дайды екенсің. Күн өткен сайын үмітіңнен күдігің басым болып, дауасыз дертке тап болғандай, жалғаннан  баз кеше  бастайсың.

«Адам өмір бойы үйренеді» деген сөз рас-ау, менің де кейбір көзқара­сым өзгере бастады. «Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ» деп бұрын дәрігерлер қызметіне көп мән бермеппін. Өзгелердің «таныс-тамырың болмаса бармай-ақ қой, емдемейді, арам өлесің» деген алыпқашпа сөздерін естуші ем, оның қаңқу сөз екеніне көзім жетті. Адам баласы басы­нан өтпей, ештеңенің байыбына бармайды екен. Дәрігер өзінің алдына келген бір науқасқа: «Біз қазір осы жерде үшеуміз отырмыз: мен, сіз және сіздің дертіңіз. Егер сіз кеселдің дегеніне көнсеңіз, екеулеп мені жеңесіздер, ал маған сенсеңіз, екеу­міз бірігіп дертті жеңеміз», – депті. Мен өз дертімді емдеген дәрігерлеріме сендім. Олардың білімділігі мен біліктілігіне, табандылығы мен жылы сөзіне сендім, олар мені бау­рап, бағындырды.

Қала орталығында, 70 жылға жуық тарихы бар облыстық онкологиялық орталығындағы дәрігерлер мен мейір­бикелер, орта және кіші буын қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің куәсі болдым. Орталықта 2016 жылы паллиативтік көмек беру бөлімінің ашылуы, гистологияны анықтайтын заманауи қондырғы ИГХ аппаратын алдыртуы, анализдерді тексеру мақсатында биохимиялық аппарат, орталықтанған цитостатистикалық еріту кабинетін ашу және лапроскопиялық ота жасайтын қондырғыларды іске қосу тек іскер басшының ғана қолы­нан келеді. Халықтың игілігі жолында уақытпен санаспай, күн-түн демей бар ынта-жігерімен өз ісін адал атқарып жүрген онкологиялық орталық директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Сәкен Серғазиев пен дирек­тордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты дәрігер Дмитрий  Хегайға алғысым шексіз. Әр бөлім заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен, бөлмелер санитарлық талапқа сай жабдықталған. Бұл – басшының, дәрігерлердің білікті, талапты, үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде екенінің  дәлелі.

Әлемде жайлаған пандемия кезінде де онколо­гиялық аурумен ауыр­ған ем­делушілердің талапты қатаң сақтауын орталықтың бас мейірбикесі Айзат Еңсе­баева қадағалап, назарда ұстауы ұжымда ұйымшылдық, жауапкершілікті сезінуі деп білемін. «Хирургия» бөлі­мінің меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер, PHD студенті Айболат Смағұлов­тың тынымсыз еңбегінің куәсімін. Онкологиялық ау­ру­лардың дертіне байланыс­ты ота жасайды. Бөлімде аға мейір­бике Сәуле Балғабаева, байлап таңу бөлмесінің мейірбикесі Гүлмира Елемесоваға риза­мын. Мен «Паллиативтік көмек беру» бөлі­мінде жатып, радиак­тивті қондыр­ғылар арқылы сәуле қабыл­дадым. Бөлім меңгерушісі, білімді маман Мұңлық Сағадатованың мейі­рімді көзқарасы, бар ынта-жігерімен қарауы өмірге құштар, «жазыламын» деген пенденің үмітін үкілей түседі. Уақытпен санаспай, күн-түн демей қасыңнан табылатын, ақпараттық жүйені толық меңгеріп, зейін қойып қарауы – Мұңлық Сағатбекқызының өз ісіне адал, кәсіби міндетін жақсы меңгерген жан екенінің көрінісі. Бұл бөлімде қатерлі ісіктің өсуін тоқтатып және жояды. Радиактивті қондырғылар стандарттық талапқа сай және бөлек ғимаратта орналасқан, науқастар сәулені сол жерден алады. Бөлімдегі Оразкүл Әбілтаева, Тоғжан Дәрменқұлова, Эльмира Есетова, Аманкүл Жанәділова қыздарыма Алла­ның  нұры  жаусын  демекпін.

Мен сәулемен емдеу курсын бітіргеннен кейін, «Химия-терапия» бөлімінде ем қабылдадым. Бөлім меңгерушісі бірінші санатты, PJA 4-курс студенті Виктория Юн салмағыма, бойыма, жағдайыма қарай пампомен химия берді. Бөлімдегі аға мейірбике Аманкүл Бақытжанқызы мен орта буын қызметкерлері Гүлжан Ораз­баева және Мөлдір Ермахановаға алғыс айтамын. «Паллиативтік көмек беру бөлімі» дәрігерлерінің тыным­сыз еңбектерінің куәсімін. Бөлім меңгерушісі Азиз Раушанбекұлы, Дана Мажитқызы, Әсем Сәтпайқызы және бөлімнің аға мейірбикесі Гаухар Тынымқұлқызының өз жұмысына адал, антына адал екенін байқадым. Психологтер науқастарға психоло­гиялық көмек беріп, олардың өмірге деген құлшынысын, құштарлығын ояту мақсатында жұмыс жүргізеді. Бөлімде 70-ке жуық орта және кіші буын қызметкерлер емделушілерге сапалы және тиімді көмек көрсетуде. Әр бөлмеде заманауи үлгідегі функциональді керуерт қойылып, тазалықты санитарлық талапқа сай жолға қоюы, талап етуі – бұл Гаухар қарындасымның ұйымдастырушылық қабіле­тінің жоғары деңгейде екенінің көрінісі. Мира Баймұратова, Олжас Айтпай, Назгүл  Шукилдикова, Алты­най  Маманова сынды ұл-қыздарға да шын көңілден ризашылығымды білдіремін.

Осынау қиындығы мол мамандықта халық игілігі үшін маңдай терін төгіп жүрген ақ халатты мейі­рімді, жауапкершілігі мол кәсіп иелерінің еңбектері жанып, абыройы асқақтай берсін! Бұл – менің ағалық тілегім.

Қадырбек  СЕЙТЖАНОВ,

дербес  зейнеткер,

еңбек  ардагері

Пікірлер:
  • Мен осы кисининин кудай коскан коршисимин. Алла адамды аурумен сынамасын. Даригерлерге ризашылыгын айтып отырады унеми барсам. Шын конилимен аузынын тастамай отыр.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: