Кеше №6 қалалық емхананың мәжіліс залында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Динара Сарманованың төрағалығымен гемодиализ қабылдайтын созылмалы бүйрек жеткіліксізігі бар және «күту парағындағы» пациенттер мен тұрғындарға ағза донорлығы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Жиынға ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегi республикалық орталық мамандары, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамының орынбасары Жақсыбек Әбенов пен медицина қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында мамандар гемодиализ, бүйрек ауыстыру, донор болу үшін жүргізілетін қажетті шаралар бағытында түрлі мағлұмат бердi.
Басқосу соңында пациенттер мен қатысушылар тарапынан түрлі сұрақ қойылып, ағзалық донорлықты дамыту бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытындағы ұсыныстар ескерiлдi.
Бұл тақырыптағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!