Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоян жылында қандай өзгерістер болады?

01.01.2023, 9:00 1223

HALYQLINE.KZҚоян жылы 12 циклды қытай жұлдызнамасындағы 4-орынды алады және шығыс күнтізбесіндегі ең бақыттысы саналады.

Қоян жылы үй мәселесінде сәттілік әкеледі. Сондай-ақ, бұл жыл саяхаттауға қолайлы болады;

Ал келер жылдан бастап елімізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы пилоттық режимде өтеді;

Алдағы жылы жастарға 2,5%-дық жеңілдетілген несие беру басталады. (Жеңілдетілген несие мөлшері – 5 млн теңгеге дейін);

2023 жылы жаңадан келген қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысын 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр;

Мектептер, колледждер мен балабақша педагогтерінің жалақысы 25%-ға өседі;

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары да қазақ тілінен емтихан тапсырады;

Қоян жылы бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылады;

2023 жылдан бастап, «Алтын алқамен» марапатталғандарға немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандарға, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені табысталғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғаяды;

Зейнетақы төлемдерінің көлемі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10,5%-ға өседі. Бұл ретте ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңгені құрайды;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: