16-18 маусым аралығында республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал бұршақ түсуі мен желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап Halyqline.kz.
Мамандардың болжауынша, алдағы күндері еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады. Әсіресе 18 маусым күні Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жауын-шашын қарқынды болады.
Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады. Елдің солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде сынап бағанасы +35…+38 градусқа жетеді. Өзге аумақтарда температураның айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.
Айта кетейік, 12 маусымда америкалық метеорологтар жер шарындағы температураның жоғарылауына әсер ететін «Эль-Ниньо» құбылысының басталғанын хабарлаған. «Қазгидромет» сарапшыларының түсіндіруінше, Қазақстан бұл феноменнің тікелей әсер ету аймағына жатпайды. Дегенмен атмосфералық циркуляцияның өзгеруі салдарынан құбылыс республикадағы ауа райына жанама әсер етуі мүмкін.
Азаматтарға ауа райы ескертулерін бақылауда ұстап, ыстық күндері қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!