Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Ресей мен Беларусьпен терроризм және экстремизмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжат 30 қыркүйекте Қазан қаласында өткен ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысында қабылданды. Оған алты мемлекеттің бас прокурорлары қол қойған.
Келісім аталған елдерде террористік немесе экстремистік деп танылған, билік қауіпсіздікке қатер төндіреді деп есептейтін ұйымдар, топтар және жеке тұлғалар туралы жедел ақпарат алмасуды көздейді.
Тараптар олардың халықаралық байланыстары, ықтимал террористік шабуылдар және мемлекеттердің егемендігіне қол сұғу қаупі жөніндегі мәліметтерді де бөлісуге келісті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!