Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда үшем дүниеге келді

08.05.2020, 12:54 446 0

Елімізге «Егіздер ауылы» атымен танымал Ү.Түктібаев ауылының көпбалалы тұрғыны өмірге үш қыз алып келді. Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында дүние есігін ашқан нәрестелер қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.

Бұл – Айгерім Махамбетжанова есімді жас ананың алтыншы рет босануы. Жұбайы Қуаныш Алтынбаев екеуінің тағы 5 баласы бар. Жаңа туған сәбилерге ата-аналары Айғаным, Айғант, Асылым деген есімдер берген.

Әзірге үшем мен олардың анасы перзентханадан қашан шығатыны белгісіз. Сәбилердің денсаулық көрсеткіштері қалыпты нормаға жеткен бетте үйлеріне шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Отан соғысының Батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда 23 егіз, 1 үшем дүниеге келген.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: