Жауапкершілік пен жанкештілік адамға ғана тән қасиет деп ойласақ, қатты қателесеміз. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде байланыс құралдары шектеулі болғандықтан, пошта көгершіндері ақпарат жеткізуде маңызды рөл атқарды.
Солардың ішінде ерекше көзге түскен – №888 көгершін. Ол бірнеше мәрте маңызды мәліметтерді аман-есен жеткізген. Сол себепті Британ армиясы бұл көгершінге полковник шенін беріп, тарихи құрмет көрсеткен еді. Кейін ол әскери салтанатпен жерленіп, нағыз жауынгер ретінде қоштасуға лайық деп танылды.
egemen.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!