Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан

04.08.2022, 9:20 722

(Тектанудан  біраз  ақпарат)

1. Интеллект әкесінен баласына берілмейді. Яғни, егер әке ғұлама болса, ұлына бұл қасиет мүлде берілмейді.

2. Нақұрыстық та әкесінен баласына дарымайды. Егер өзің түзелмейтін есалаң болсаң, онда ұлың да сондай болады деу – қате ұғым.

3. Интеллект әкесінен тек қызына өтеді. Әрі тек жарым жартылай.

4. Жігіт  интеллектіні  тек  анасынан  алады. Ал, анасы  өз  әкесінен  алады.

5. Ғұламаның қызы әкесіндегі ақылдың тура жартысына ие болады, қыздың ұлы (жиен) ғұлама болады. Егер әкесі ақымақ болса, қызы да жартылай ақымақ болады.

6. Сондықтан дана әйел болмайды. Сол сияқты жүз пайыз ақымақ әйел де жоқ. Есесіне ғұлама еркектер мен топас еркектер жетіп артылады. Осыдан ішкіш ақымақтар мен тірі жесірлер легі көбейді. Оған  қоса, Нобель сыйлығының иегерлері. Олардың көбі – ер адамдар.

Еркектер бұдан не түйеді:

1. Ұлыңның ақылын білгің келсе, әйеліңнің әкесіне қара (егер ол академик болса, онда сіздің ұлыңыз да академик болады).

2. Қызың ақылыңның жартысын алады. Сонымен қоса жаманатыңның да жартысын алады. Интеллекті бойынша ол әкеге жақын болады. Қыздың ұлы (жиен) ақылыңды бүтіндей алады. Ақылды ұрпақ аңсасаң, қызым болсын де.

3. Еркекке ақыл анадан дариды. Нақтырақ айтқанда, нағашы атасынан.

Әйелдер не түйеді:

1. Ұлыңның  ақылы – өз әкеңнен сіңеді, сондықтан балаңа «әкең сияқты топассың» деп ұрысу бекер.

2. Қыздың  тәрбиесі өзіңе тартады, ал  ақылы  әкесінен беріледі.  Қыздың  ұлдары  күйеуіңнің  ақылын  алады.

«Өмірді ұзартудың басты себебі қарт адамдардың көп жасауынан» дейді. Бірақ бұл дұрыс емес. Қарттық ұзақ жалғасатындықтан емес, кеш басталатындықтан адам өмірі ұзарып  жатыр.

40, 50, 55 жастағылар үшін қарттық 75-80 жаста басталады. Яғни, біздің әке-шешемізге қарағанда 25 жылға, ширек ғасырға ұзарды.

Сәл бұрын адамзат баласының өмірінде негізгі үш шақ болатын: жастық шақ, есею, қарттық. Енді есею 50 жаста басталады. Адам өмірінде бұрын-соңды болмаған кезеңді қосып жатыр.

Ол туралы не білеміз?

1. Бұл кезең шамамен 30 жылға жалғасады, 50 жастан 75 жастан асқанша.

2. Бұрынғыға қарағанда, бұл кезеңде адамның дене қимылы мен ойлау жүйесі жастық шақтағыдай боп сақталады.

3. Бұл кезең – адам өміріндегі ең сапалы шақ. Адамның дені сау, күш-қуаты бойында, тәжірибесі мол. Соңғы жылдарда жасалған статистика бойынша, адамның ең бақытты шағы 65 жасқа тура келеді екен.

4. Бүгінгі таңда 55-65 жастағылар осы бір жаңаша кезеңді алғашқылардың қатарында сүріп жатыр. Бұрын мұндай кезең болмаған. Адамдар ерте қартаятын.

5. Жуырдағы оншақты жылда 50-75 жас арасындағылар жер бетінде ең көп өмір сүретіндер болады.

50 жастан асқаннан кейінгі өмір өткен өмірден несімен артық болмақ? Елуден кейін қалай өмір сүру қажетін ешкім үйретпегендігімен артық болады.

Аударған  Шынар ӘБІЛДА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: