Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа пәтер табысталды

09.03.2025, 11:27 86

Астанада ТЖД екі қызметкері жаңартылған қызметтік пәтер кілттерін алды,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов елордалық ТЖД екі қызметкеріне жаңартылған пәтер кілттерін табыстады.

Қызметтік жатақханадағы тұрғын үй – жайлар толық жиһаздалған және жайлы тұру үшін қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Жөндеу және жарақтандыру жұмыстары қазақстандық құтқарушылар Қорының қаражаты есебінен жүргізілді. Жақын арада балалар бөлмесі мен кір жуатын бөлме де жабдықталады.

Қазақстан ТЖМ – қызметкерлерді әлеуметтік қолдау ведомствоның маңызды басымдығы екенін және қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету кезең — кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: