Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаңырақ күніне орай Сыр елінде 30-дан аса мерекелік іс-шара өтті

18.03.2024, 8:30 265

HALYQLINE.KZ

Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні болып бекітілген болатын. Бұл күн жарасымды жанұялардың береке-бірлігін насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын кең көлемде дәріптеуде айрықша маңызға ие болды.

Қазақы қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде «Шаңырақ күні» аясында 30-дан астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қала және барлық аудандарда ерекше тойланды. Әсіресе, жарасымды жанұялар, оның ішінде 50 жыл отасқандар арасында «Алтын шаңырақ», ал 25 жыл отасқан отбасылар арасында «Күміс кереге» атты ауқымды байқаулар өткізілді.

Сондай-ақ, «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында облыстық және аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз отбасылары жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың неке қию салтанатына қатысып, өздерінің ізгі тілегі мен ақ батасын берді.

Бұдан бөлек, атаулы күнге орай, облыс орталығындағы «Отбасы орталығы» мен «Анаға тағзым» орталығында «Ашық есік» күндері өтті.

Сонымен қатар, Отбасы орталығында «Жарасымды жанұя» отбасылық танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Ал жаңа туған сәбилердің ата-аналарына «Наурызбазарлық» естелік сыйлықтар берілді.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің жазуынша, барлық ауданда Шаңырақ күніне орай отбасы құндылығын насихаттауға арналған танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, салт-дәстүр рәсімдері өтті.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: