Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер «Гаухар той» иелеріне құрмет көрсетті

17.03.2026, 11:15 28

17 наурыз – Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.

«Наурызнама онкүндігі» аясында Қызылорда қаласы Полиция басқарма басшылығы еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай тер төккен ардақты ардагеріміз Әлиев Төлеш ақсақалдың шаңырағына барып құрмет көрсетті.

Шаңырақ күні қарсаңында отау құрғандарына 68 жыл тол¬ған «Гаухар той» иелері Әлиев Төлешпен жары Нұрғалиева Алтынкүл туралы айтпақшымыз.

Әлиев Төлеш 1935 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Педагогикалық училищесінде білім алып, алғаш қызметтік жолын ұстаздықтан бастаған. 1962 жылы Ішкі істер органдарына қызметіне орналасқан. 1988 жылы Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы қызметінен құрметті зейнеткерлікке шыққан.

Жарты ғасырдан аса уақыт қол ұстасқан Төлеш ақсақал мен Алтынкүл анамыз 1958 жылы отау көтеріп, бүгінде 4 ұл, 2 қызды тәрбиелеп, одан 18 немере, 14 шөберенің қолынан су ішіп отырған бақытты жандар.

Бүгінде осы бір берекесі де, мерекесі де мол, өскен-өнген үлкен әулеттен шыққан әрбір перзент бір-бір үлгілі отбасы атанып отыр. “Адам ұрпағымен мың жасайды” дегеніміз осы шығар. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан еңбек жолымен танылған әулетте әкесі және ұлы, немерелеріннің құқық қорғау саласындағы жалпы еңбек өтілі 100 жылды құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: