Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық көпбалалы ана 10-шы сәбиін дүниеге әкелді

26.05.2025, 17:10 224

Фото: Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы

Қызылорда қаласының тұрғыны, 40 жастағы Төлегенова Ажаркүл 10-шы сәбиін дүниеге әкелді! Қуанышты отбасының тұңғышы бүгінде 16 жаста, студент атанған. Одан кейінгі 4 қызы мен 1 ұлы мектеп жасында білім алып жүр. Ал кенжелері – отбасында, ата-анасының қарауында.

Отбасының тірегі – жолдасы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат, жанұяның қажеттілігін қамтамасыз етіп, балаларының болашағы үшін аянбай еңбек етуде.

Ажаркүл ханым дәрігерлерге алғысын білдіріп, ана атанудың қуанышы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Көпбалалы аналардың мейірімі мен төзімі – нағыз ерлікке пара-пар!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: