Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарызсыз қоғам

25.02.2025, 21:06 36

ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ: 90 КҮННЕН АСТАМ БЕРЕШЕГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ.

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының аймақтық кураторы Данияр Жаналиновтың төрағалығымен жобалық топтың кеңейтілген отырысы өткіздік.

Жиынға аудан әкімдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен жауапты сала басшылары қатысты. Онда жоба аясындағы оқу курсының алғашқы аптасы қорытындыланып, алда тұрған міндеттер пысықтадық.

Данияр Еренғалиұлы алғашқы оқу аптасында анықталған кемшіліктерді түзету мен жұмысты жетілдіру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Атап өтейік, жоба аясындағы қаржылық сауаттылық курстары ақпан айының 17-нен басталған болатын. Өңірде Қызылорда қаласы және Жалағаш, Шиелі аудандарында жүргізіліп жатыр. Оқу курстары қалған аудандарда да жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Жоба аясында оқу курстарына банктер мен микроқаржы ұйымдары алдында 90 күнен астам берешегі бар азаматтар оқытылады.Оларға қарызды реттеуге, қаржылық қиындықтан шығуға жан – жақты көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылық негіздерін, үнемдеу мен табысыңызды арттыруды, алаяқтық әдістерін анықтау жолдары тегін үйретіледі. Заңгерлер көмегі көрсетіледі.

Толық ақпарат және тіркелу үшін 8700 855 85 85 байланыс нөмірі немесе qogamfin.kz сайты арқылы және жергілікті әкімдіктер мен «AMANAT» партиясының филиалдарына хабарласуға болады.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: